Гүлмира Канайдың Nazarbayev University-ге тағайындалуы- тиімді әрі орынды шешім. Бұл NU-ді дамыту мен басқару моделін жаңғыртуға бағытталған жұмыстың бір бөлігі.
Бұл жүйелілік нақты нәтижелермен де дәлелденіп отыр. Қазақстан тарихында алғаш рет отандық университет Shanghai Ranking-тің пәндік рейтингіне (GRAS 2025) енді. Бұл- кейбір «танымал» рейтингтердегідей тек әдемі сандық көрсеткіштерге емес, ғылым сапасы мен зерттеу нәтижелілігін қатаң бағалайтын ең талапшыл халықаралық рейтингтердің бірі.
Сонымен қатар университет британдық QAA агенттігінің институционалдық аккредитациясынан өтіп, Times Higher Education жаһандық рейтингінің 401–500 тобына орнықты.
Университеттің топ-менеджментінде қазақстандық кәсіби кадрлардың рөлінің саналы түрде күшейіп келе жатқаны қуантады. Бұл- бұған дейін өзіміз ұсынған маңызды тепе-теңдік: жоғары халықаралық стандарттар мен сараптаманы сақтай отырып, елдің білім беру жүйесін, жергілікті контексті және қоғам сұранысын терең түсінетін отандық мамандарға сүйену.
Бүгінде Назарбаев Университетінің біртіндеп «жабық арал» болудан арылып, ұлттық білім беру экожүйесінің толыққанды өзегі әрі қозғаушы күшіне айналып келе жатқаны анық байқалады.
👍28
❤8
🔥7
👎4
🤩1
3 3K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram