avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
15.01.2026 17:13
https://youtube.com/@aaimagambetov?si=UmmRDMS8-bw3Lxxc

Үш жыл бойы ой елегінен өткіздім, әріптестермен талқыладым, барлық тәуекел мен мүмкіндікті сараладым. Нәтижесінде нақты тоқтамға келдім: биылдан бастап өз YouTube-арнамды қолға алып, қалың көрерменге тиісті контент ұсынбақпын.

Бұл арнаның негізгі мақсаты – заңдарды азаматтарға түсінікті әрі қарапайым түрде жеткізу. Яғни жаңа заң жобалары не үшін қажет, олар адамдарға қандай пайда береді, қабылданған нормалар іс жүзінде қалай жұмыс істейді – осының бәрі арнада ашық айтылады.

Тек заң шығару туралы ақпаратпен шектелмейміз:

1. Қабылданған заңдардың орындалу барысы;
2. Партиялық бағдарламалар аясындағы жұмыс;
3. Өз тәжірибем негізінде салалық сараптамалар да қамтылады.

Тақырыптарды жан-жақты талқылау үшін сарапшылар мен арнайы қонақтарды шақыру жоспарда.

YouTube-арнамен қазір де таныса аласыздар. Онда бірқатар архивтік материалдар бар. Алдағы уақытта жаңа контент тұрақты түрде көрерменге жол тартпақ.

Арнаға жазылыңыздар. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді бірге талқылайық.
23
👍 19
👏 7
👎 1
🔥 1
3 2.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram