avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
09.01.2026 18:22
Облыстық жедел жәрдем станциясында фельдшерлермен, дәрігерлермен және жедел жәрдем жүргізушілерімен кездестік. Әңгіме ашық әрі шынайы өтті.

Ең алдымен медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейтетін жуырда қабылданған заң туралы айттық. Бұл, ең алдымен, жедел жәрдем жүргізушілерін, фельдшерлерді, дәрігерлер мен медбикелерді қорғауға бағытталған шешім. Заң медицина қызметкерлеріне қарсы шабуылдар мен зорлық-зомбылықтан қорғауды көздейді.

Сондай-ақ басқа да бастамаларымызды таныстырдық. Атап айтқанда, медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жағдайларына байланысты сақтандыру жөніндегі өзіміз бастамашы болған түзетулер туралы айтылды.

Бюджет мәселесіне де жеке тоқталдық. 2026 жылға арналған бюджетті бекіту барысында Мәжілістегі біздің комитет жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы түзету беріп, бұл қаражат бөлінді.

Көптеген өңірлерде жедел жәрдем қызметінің жағдайы өте күрделі. Көліктер, бригадалар жетіспейді. Кейбір өңірлерде нормативтермен салыстырғанда тапшылық соншалық, дәрігерлер шақыртуға таксимен баруға мәжбүр.

Жалақы мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша да күрделі мәселелер бар. Мұның бәрі жедел шешімдерді талап етеді.

Жүргізушілердің ерекше алаңдаушылығы – сатып алынатын автокөліктердің сапасы, әсіресе Қытайда өндірілген машиналарға қатысты. Солтүстік өңірлерде жүргізушілер ашық айтады: мұндай көліктерге қызмет көрсетуге бірнеше есе көп шығын кетеді, қосалқы бөлшектерді ұзақ күтуге тура келеді, ал сапасы көңіл көншітпейді. Бір өңірде жүргізушілер тіпті көліктерді түні бойы сөндірмей қоятынын айтты, себебі таңертең оларды оталдыру мүмкін болмай қалатын жағдайлар бар.

Әкімдіктер жаңа жедел жәрдем көліктерін сатып алғанын есеп бергенде қуанамыз. Алайда сол көліктердің кейбіріне жүргізушілердің өздері наразы. Бұл мәселені де міндетті түрде көтереміз.

Жүргізушілер көтерген тағы бір маңызды мәселе – азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. Қарапайым көлік иелері үшін сақтандыру компаниялары келісімшарт жасауға дайын. Ал жедел жәрдемнің өз ерекшелігі бар: жоғары жылдамдық, шұғыл шақыртулар, жол-көлік оқиғаларының тәуекелі жоғары. Жүргізушілердің айтуынша, көптеген сақтандыру компаниялары мұндай келісімдерден жалтарады. Бұл мәселемен де жеке айналысамыз.

Сонымен қатар көліктердің амортизациясына қатысты жүйелі мәселе бар. Қызметтік автокөліктер мен жедел жәрдем машиналарына бірдей есептен шығару мерзімдері белгіленген. Ал жүктеме мүлде бөлек: жедел жәрдем үнемі қозғалыста. 5–7 жылдық нормалар көп жағдайда шынайы емес. Кейде әкімдіктер көлікті есептен шығарып, жаңасын алуға дайын, бірақ қолданыстан шыққан техниканы баланста ұстап, қайта-қайта жөндеуге мәжбүр. Бұл ережелерді өзгерту қажет.

Жалпы алғанда, жедел жәрдем саласындағы мәселелер өте өзекті. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргіземіз. Жақын уақытта барлық өңірлер бойынша талдау жасап, жедел жәрдем қызметінің көлікпен қамтамасыз етілуі, олардың саны мен техникалық жағдайы туралы ақпаратты ашық жариялауды жоспарлап отырмыз.

Менің ойымша, ең алдымен әкімдіктер жедел жәрдем мәселесін шешуге міндетті. Себебі жедел жәрдем – алдыңғы шепте. Адамдарды құтақаруда.
15
2.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram