avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
03.01.2026 12:01
AIMAGAMBETOV Фото: ✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении дополнений в Уголовный кодекс Республики Казахстан и Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан» Текст Закона публикуется в печати. @aqorda_resmi
ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ЗАҢҒА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОЛ ҚОЙДЫ!

Бұл заң ақ халаттылар үшін ғана емес, барлығымыз үшін маңызды. Бастама Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың дәрігерлерді қорғау туралы тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.

Заң несімен маңызды?

Бұрын медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жай бұзақылық болып саналатын. Енді біз заң жүзінде қызмет бабындағы дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісін арнайы субъект ретінде бекіттік.

Яғни, оларды қорғау енді құтқарушылармен, егерьлермен, құқық қорғаушылармен және билік өкілдерімен қорғау тетіктері бойынша теңестірілді.

Дегенмен, мына нәрсені түсіну маңызды. Бұл заң – дәрігерлерге артықшылық беру туралы заң емес. Бұл заң – әрбір пациент үшін тиімді.

🚑 Бұл – инфаркт алған әже немесе ұстамасы ұстап қалған бала үшін маңызды. Өйткені көрші аулаға келген дәрігерлерді ешкім соққыға жықпаса, олардың көлігі істен шықпаса – оларға жедел көмек дер кезінде жетеді.

✅ Бұл – хирургтың күрделі отасына мұқтаж науқас үшін маңызды. Өйткені хирург қорқыныштан немесе саусағы сынғандықтан кәсібін тастап кетпей, мыңдаған маңызды отаны жасай береді.

Дәрігер мен жедел жәрдемге жасалған шабуыл – бұл ұрланған уақыт, ұрланған ем мен ұрланған өмір. Ал инсульт немесе жарақат кезінде уақыт – өмірмен тең.

Қорғалған дәрігер = Құтқарылған пациент. Бұл – аксиома.
👍 14
6
🔥 1
🙏 1
1 1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram