Мемлекет басшысы архив ісіне қатысты заңнамаға түзетулер енгізетін заңға қол қойды. Осы орайда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның заң шығару жұмысына қосып отырған нақты үлесін атап өткен жөн.
Қоғамдық палата – қоғамдық бақылау мен пікірталас алаңы ғана емес, сонымен қатар заң шығару ісіндегі маңызды сараптамалық институт.
Бізде арнайы модуль іске қосылды. Сол арқылы Қоғамдық палата мүшелері қаралып жатқан заң жобалары бойынша өз ұсыныстары мен талдауларын депутаттарға тікелей жолдайды. Заң шығару бастамашылығы құқығы депутаттардың құзыретінде болғанымен, сарапшылар ұсынған идеялар мен тұжырымдар қабылданып жатқан шешімдердің мазмұнын тереңдетіп, сапалы өзгерістердің берік негізіне айналуда.
Бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтініне бірнеше нақты мысал келтірейін:
🔹 Данияр Әшімбаевтың ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасына қатысты ұсыныстарын салыстырмалы кестеге енгіздім. Нәтижесінде, бірқатар маңызды нормалар қабылданып, заң талабына айналды.
🔹 Марат Шибұтов пен оның шәкірттері ұсынған архив ісіне қатысты сараптамасы қазіргі архив туралы заң жобасы үшін аса өзекті. Архив деректерін сақтауға қатысты бірқатар түзету қабылданды. Ал электронды медиа деректерінің сақталуына қатысты маңызды ұсыныстар Үкіметтің қаралуында.
🔹Мүсілім Хасеновтің былтыр ұсынған терең талдауы негізінде Қылмыстық кодекске түзетулер енгізуге бастамашылық еттім. Атап айтқанда, суицидті насихаттау және оған итермелеу бойынша қылмыстың жаңа құрамдары бекітіліп, нормалар қабылданды. Ол бүгінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етіп отыр.
Қоғамдық палата құрамына әртүрлі сала өкілдерінің кіруі – сарапшылар қауымдастығымен тиімді әріптестік орнату арқылы салмақты, кәсіби әрі нәтижелі шешімдер қабылдауға болатынын айқын көрсетеді.
❤11
🔥2
5 2.7K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram