Сыртқы саясаттағы жаһандық бәсекелестік – бұл инвестиция, технология және нарық үшін күрес.
Президенттің Жапонияға сапарын дәл осы тұрғыдан қарастырған маңызды.
Жапония – әлемдегі технологиясы ең озық ел. Жапондармен серіктестік орнату арқылы бздің “жасыл” энергетикадан бастап заманға сай озық көлік шығару саласына дейінгі маңызды инновацияларға қол жеткізе алатынымыз анық.
Сапар аясында қол қойылады деп жоспарланған коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады екен. Жаңағы айтылған ойдың нақты дәлелі осы сандар.
Ел экономикасы үшін аса маңызды инвестициялар бізге өздігінен келмейді. Әлемде осы инвестициялар үшін қатаң күрес жүріп жатыр. Алпауыт елдермен арадағы мұндай келіссөздерге Мемлекет басшысының өзі қатысуы – ел нарығындағы тұрақтылықты көрсететін айқын қадам.
Бұл ретте көпвекторлылық саясат– прагматикалық құрал. Ол еларалық байланыстарды әртараптандырып, дипломатиялық уағдаластықтарды зауыттар салуға, білім трансферіне және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мүмкіндіктерге айналдырады.
❤9
👍1
2 2K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram