The Economist журналындағы мақала жасанды интеллекттің жұмысты, экономика мен саясатты ғана емес, сонымен қатар мызғымастай көрінген балалық шақты да өзгертіп жатқанын көрсетеді.
Қазіргі ойыншықтар "ақылды" болып барады, сол ЖИ қосылған жаңа қуыршақтар балалармен сөйлеседі, репетиторлар цифрлық форматқа көшуде. Ал кейбір елдерде балалар достарына қарағанда, чат-боттармен көбірек сырласатын болған.
Әрине, ЖИ балаларға өте зор мүмкіндіктерді береді. Бұрын тек ауқатты адамдарға ғана қолжетімді болған дүниелер, мысалы, дербес оқыту енді көпшілікке қолжетімді болуда.
Дегенмен, тәуекелдер де көбейіп келеді. ЖИ ешқашан шаршамайды, ренжімейді және дауласпайды. Онымен ғана сөйлесу арқылы бала шыдамдылыққа, эмоцияны оқуға және өз пікірін қорғауға үйренбейді. Егер балалық шақ сен үшін ыңғайластырылған, мінсіз цифрлық ортаға айналса, ертең шынайы өмірдегі "ыңғайсыз" адамдармен қалай тіл табысады? Кезек күтуді, ымыраға келуді, келісуді қалай үйренеді?
Бұл бізге шынайы, жанды қарым-қатынасты барынша күшейту керектігін тағы бір дәлелдейді. Кітап оқу, пікірсайыс қозғалысы, өзін-өзі басқару сияқты біздің мектеп жобаларымыз жай ғана бос уақытты өткізу емес, ЖИ дәуірінде өмірлік қажеттілікке айналып отыр.
Эмпатияны, достықты және кешірімді болуды балалар бәрібір бір-бірінен үйрене алады.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram