Ақыры «Anxious generation» кітабы орыс тіліне аударылып, жарық көрді. Енді болашақта қазақша аудармасы да шығады деп үміттенемін -өйткені бұл кітапты әрбір ата-ана мен мұғалім оқуы керек.
Мен оны екі жыл бұрын түпнұсқада оқып шыққанмын. Сонымен қатар көптеген зерттеулерді, мақалалар мен статистиканы зерделедім. Сол себепті екі жыл бұрын сабақта смартфон қолдануды шектеу туралы заңға түзетуге бастамашы болдық, оған қоса мектептердің өздеріне баланың ғимаратта болатын барлық уақытында да смартфондарды қолдануға шектеу қою құқығын бердік.
Қазір мектеп директорларын осындай шешім қабылдауға шақырып жатырмыз.
НЗМ (NIS) және БИЛ мектептері смартфонды пайдалануға қатысты қатаң ережелерді енгізіп қойды -нәтижесі айқын көрініп тұр. Енді басқа мектептер де осындай шешімге келеді деп үміттенеміз.
Бірақ тек мектепте шектеу қою аздық етеді. Мектеп телефонды 6 сағатқа алып қоюы мүмкін, ал қалған 18 сағатта бала үйде болады.
Егер балаларға шынымен көмектескіміз келсе, бірлесе әрекет етуіміз қажет:
✅ Цифрлық гигиенаға үйрету («телефонды таста» деп қана айқайлай бермей);
✅ Сыни ойлауды дамыту;
✅ Және ең бастысы -өзіміз үлгі болу. Уақытын дұрыс ұйымдастыру маңызды.
Джонатан Хайдт технологияны «құбыжыққа» айналдырмайды. Ол жай ғана балаларымыздың неге сонша мазасыз болып, депрессияға кіріп кеткенін және оларға қалыпты балалық шақты қалай қайтаруға болатынын қарапайым тілмен түсіндіріп береді.
Оқуға шын жүректен кеңес беремін.
https://books.yandex.kz/books/x5ysNqaN?utm_campaign=users_referral&utm_medium=referral&utm_source=telegram
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram