avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
05.12.2025 15:54
Пәндік олимпиадаға бала дайындайтын ұстаздармен кездесуде маңызды мәселе көтерілді.

Олар мемлекеттік ЖОО-ға жүгінгенде, зертханаларға кіру үшін қомақты төлем талап етілетінін айтты. Бұл мәселені нақты бір ректорға хат жазу арқылы шешуге болар еді.

Бірақ мұндай кедергіге енді бірде-бір дарынды бала тап болмас үшін, мәселені жүйелі түрде шешуді жөн көрдік. Сол үшін заңға арнайы түзету енгіземіз. Жұмыс тобында ұсынған түзетуіміз қабылданды, енді ол жалпы отырысқа шығарылады.

Бұл норма қабылданғаннан кейін ғылыми сайыстар мен пәндер бойынша облыстық және республикалық олимпиада құрамасының мүшелері үшін мемлекеттік университеттердің зертханаларының есігі ашық болады.

Осы инфрақұрылымды пайдалану тәртібі ЖБҒ министрлігімен бекітілетін болады. Дарынды балалар үшін бұл үлкен мүмкіндік.
20
🤩 2
🙏 1
2 2.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram