avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
04.12.2025 17:01
БАҚ саласы қазір үлкен өзгерістерді бастан өткеріп жатыр: қағаз газеттер азайып, ақпарат легі негізінен электронды порталдарда өмір сүреді. Бұл –әлемдік үрдіс. Бірақ сонымен бірге бір мәселе бар: кез келген жаңалық порталы жұмысын тоқтатса, оның бүкіл архиві бірге жоғалуы мүмкін. Ал архивсіз– біз тарихтың бір бөлігін жоғалтамыз.

Дәстүрлі баспасөзде ондаған жылдар бойы қалыптасқан жүйе бар, яғни газеттер мен журналдардың даналары кітапханаларға тапсырылады, архивтеледі, сондықтан олар тарихи дерек ретінде сақталып қалады.
Ал электронды порталдардағы ақпарат та осылай жоғала берсе не болады? Бұл мәселені біз архив туралы заң жобасын талқылау кезінде көтердік.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдерде цифрлық басылымдарға арналған “legal deposit” тәрізді талаптар бар. Яғни цифрлық медиа өз жарияланымдарын ұлттық архивтерге тұрақты түрде тапсырып отырады.

Біз де осы бағытта кәсіби қауымдастықпен бірге талқылап, баспасөздің қағаз нұсқаларына ұқсас жүйені яғни жаңалық порталдарының материалдарын архивке қабылдау мүмкіндігін қарастыруымыз керек.

Баршаға қолайлы, тиімді шешім табу маңызды. Өйткені жаңалық порталы жабылғанда, біз жай ғана сайтты емес- ел тарихының бір бөлшегін жоғалтамыз.
🔥 7
4
👍 2
🙏 2
2 1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram