avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
30.09.2025 17:50
12 пойыз бен 60 пойыздың айырмашылығын елестетіп көріңізші. Кеше ғана Достық арқылы Қытайға бар болғаны күніне 12 пойыз өтсе, бүгіннен бастап - 60! Бес есе көп!

Бұл- біржолақты тар жолдың қасына бесжолақты алып автобан салғанмен тең.
Қазақстандық тауарлар енді Қытайға да, әлемге де әлдеқайда жылдам жетеді.

Біз осындай жаңалықтарды талқылауымыз керек. Неге бұл маңызды?

💼 Бюджет кірістері: транзиттен түсетін миллиардтар- жаңа мектептер, ауруханалар, жолдар.

🛒 Баға мен ассортимент: жылдам тасымал = қолжетімді техника, құрылыс материалдары, азық-түлік.

🏭 Жұмыс орындары: Жетісудың фермері, Теміртаудың металлургы, Шымкенттің фабрикасы- бәрінің тікелей Қытай нарығына шығу мүмкіндігі кеңейеді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы өте маңызды, соңғы жылдардағы ең ірі инфрақұрылымдық жобаны іске қосты.

🌊 Иә, бізде теңізге шығатын жол жоқ.
Бірақ бізде басқа теңіз бар- рельстер мен транзиттік дәліздер теңізі.
Бұл - мұнайдан кейінгі ең құнды ресурстарымыздің бірі. Әр жаңа жол экономика қаны жүретін күретамыр.

🇰🇿👏 Құтты болсын!
👍 15
3
3 2.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram