avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
19.09.2025 17:46
Кейде бір қызық құбылысты байқайсың: талдау қаншалықты сабырлы да нақты айтылса, жауап соншалықты айқайлы шығады. Кейде тұтас «желілер» іске қосылып, мәселенің өзіне назар аударудан гөрі әңгімені басқа арнаға бұрып, оны идеяның не тапсырманың өзін жоққа шығару секілді етіп көрсетуге тырысады. Ал шын мәнінде, талдау бастаманы қолдап, оны сапалы жүзеге асыруға бағытталған.

Ашық пікірталастың орнына бұл көбіне асығыс ақталуларға, идеяны жоққа шығарғандай әсер қалдыратын әрекеттерге ұласып кетеді. Парадокс мынада: мәселенің өзінен гөрі оған берілген реакция басты оқиғаға айналып шығады. Дыбыстан гөрі жаңғырықтың қатты естілетін сәттері секілді.
🔥 13
👍 4
2
🥰 1
1 2.7K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram