AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерге жасанды интеллектті (ЖИ) енгізетінін жариялады. Бұл – өте маңызды қадам. Дегенмен, сұрақтар осы бастаманың нақты қалай іске асатынына байланысты.
Жаңа оқу жылы басталса да, өңірлерде бұл бастаманың қалай жүзеге асатыны әлі толық түсініксіз. Қойылып жүрген сұрақтарға қарасақ, көпшілік бұл жаңалықты «балаларды ChatGPT ғана қолдануға үйретеді» деп ойлаған. Ал шын мәнінде, олай емес.
Өйткені біздің балалар ЖИ құралдарын қазірдің өзінде кеңінен қолданып жүр: ChatGPT, DeepSeek арқылы үй тапсырмасын орындайды, шығарма жазады, презентация жасайды.
Салдары да көріне бастады:
– көшіру көбейді, ойлау үстірттенді, дайын жауапқа тәуелділік артты, сыни ойлау қабілеті әлсіреді.
Кейбір балалар қарапайым сұрақты да ЖИ-сыз құрастыра алмайтын деңгейге жетті.
Мәселе мынада: оларды бұл құралдарды қалай дұрыс, сауатты, этикалық, жауапты және тиімді қолдануға ешкім үйретпеген.
Бұл – жүргізуші куәлігінсіз адамды көлікке отырғызып, бағдаршамы жоқ қалаға жібергенмен тең. Оның үстіне жол ережесінің өзі жоқ. Мұндай жағдайда апат – уақыттың ғана мәселесі.
Жалпы, біз жасанды интеллект туралы айтқанда, әлдеқайда кең ойлауымыз қажет. Оқу сауаттылығы мен сыни ойлауды дамыту – ЖИ пайдалану тұрғысынан ең маңызды әрі ең күрделі міндет.
Сонымен бірге, балаларға ЖИ-дің шын мәнінде не екенін түсіндіру маңызды: ол – құрал ғана, машина ғана. Ол дос емес. Ол әулие емес. Психолог та емес. Белгілі бір деректер негізінде үйретілген жүйе. Ол қателеседі, «галлюцинацияға» ұшырайды, үйретілген деректерге байланысты бейімділіктері бар.
Балаларды сыни ойлауға, фактіні тексеруге, академиялық адалдыққа, ЖИ-ді қолдану мәдениеті мен этикасына, дұрыс сұрау құруға (prompt engineering), жауапкершілікке, медиасауаттылыққа үйретуіміз керек. Бастысы – соқыр көшіруге емес, саналы қолдануға дағдыландыру.
Білімді тек еңбек нарығына бейімдеумен шектеуге болмайды. Қазіргі мектеп балаға тек жұмысқа емес, болашақ қоғамда өмір сүруге, өмір бойы оқуға, жаңа міндеттерге бейімделе білуге үйретуі тиіс. Ең басты сын-қатер – балалардың дайын жауаптарға тәуелді болып кетуіне жол бермеу. Керісінше, ЖИ-ді өз ойлауын дамыту құралы ретінде пайдалана білуге, өздігінен үйренуге үйретуіміз қажет.
Бағалау жүйесін қайта қарау – ерекше маңызды. Енді тек нәтижеге қарап баға қоюға болмайды: нәтижені ЖИ арқылы оңай алуға болады. Сондықтан оқу процесінің өзіне, оқушының дербестігіне, дәлеліне мән беру қажет. Тапсырмалардың өзін, соның ішінде үй тапсырмасын да қайта ойластыру керек.
Қай жерде ЖИ қолдануға болады, қай жерде мүлде қолдануға болмайды (мысалы, емтихандарда) – осының бәрін нақтылайтын түсінікті регламенттер керек.
Ең бастысы – ЖИ-ді білімге енгізу жөнінде ұлттық саясат қажет. Бұл саясат ЖИ-ді білім жүйесіне енгізудің мақсаттары мен тәсілдерін айқындайтын тұжырымдамалық құжат болуы тиіс. Сондай-ақ ЖИ-ді білім мен ғылымда пайдалану саясаты, ЖИ көмегімен орындалған жұмыстарды бағалау регламенті, академиялық адалдық стандарттарын жаңарту қажет. Шын мәнінде, қазір бүкіл оқу бағдарламаларын өзгерту туралы сөз болып отыр.
Мұғалімдердің өздері де толық дайын емес: оларда ЖИ-ді қалай қолдану, қалай бағалау керектігі жөнінде нақты бағдар да, саясат та жоқ.
Бұл тек Оқу-ағарту министрлігінің ғана емес, бәріміздің ортақ жұмысымыз бен ортақ жауапкершілігіміз.

👍 16
❤ 10
5 2.2K
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram