Бүгін
New York Times газетінде жасанды интеллекттің дін саласына да ене бастағаны туралы мақала оқыдым.
Қазірдің өзінде намаз оқуға, тәубеге келуге және рухани кеңес алуға арналған қосымшалар бар екен:
Bible Chat (30 млн жүктеу),
Pray.com (25 млн),
Hallow, тіпті
ChatwithGod.ai сияқты сервистер, мұнда қолданушылар «Құдаймен сөйлескендей» әсер алады.
Миллиондаған адам үшін бұл –тәулік бойғы қолдау: жан сырын бөлісу, жұбату табу, уайымнан немесе жалғыздықтан арылу мүмкіндігі. Әсіресе діни орындарға бара алмайтындар үшін ерекше маңызды екен.
Алайда жаңа сын-қатерлер де бар:
🔹 теологиялық нақтылықтың әлсіздігі– боттар көбіне жұбатады, бірақ терең әңгімеге жетелемейді;
🔹 құпиялылық– жеке сырлар сақталуы мүмкін;
🔹 рухани ұстазды алмастыру қаупі;
🔹 фанатизм мен қате түсініктерді күшейту ықтималдығы.
Осы тұрғыдан алғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ұсынған
ЖИ этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құру бастамасы аса өзекті. Технологияны тоқтату мүмкін емес, бірақ оны дұрыс бағыттауға болады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде Мемлекет басшысы тағы да бірнеше бастама көтерді:
🔹
«Бейбітшілік қозғалысы» – дін қайраткерлерін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақыру,
🔹
Экологиялық жауапкершілік – климат мәселесінде діни даналық пен ғылымды біріктіру.
Жаһандық дағдарыстар мен сауда соғыстары өршіген кезеңде бұл бастамалар Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды бағдар болып отыр.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram