avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
10.09.2025 11:35
Үндістанда жүргізілген зерттеу The Economist журналында жарияланып, мектептерде ұялы телефондарды шектеу қажет екендігін дәлелдейтін салмақты уәждер келтіреді.

Бұл – рандомизацияланған (таңдамалы) зерттеу: кейбір аудиторияларда телефон қолдануға тыйым салынып, кейін осы топтардың оқу үлгерімі бақылау тобымен салыстырылған.

Нәтижесінде, әсіресе оқу үлгерімі төмен студенттердің білім сапасы артқаны байқалған. Тағы бір қызығы- тіпті назарды алатын факторлардың аз ғана қысқаруының өзі “орташа мұғалімді” “өте жақсы мұғаліммен” ауыстырғандай әсер еткені анықталған.

Ұқсас қорытындылар Норвегия мен Британияда да тіркелген.

Бізде де бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. Белсенді және батыл мектеп директорлары мұндай шешімдерді өз бетінше қабылдап жатыр: мысалы, НЗМ (НИШ) мұндай қадамға барды. Алайда, көпшілік мектеп директорлары әлі де жауапкершілікті өз мойнына алудан қорқады.
31
👍 9
🔥 4
8 3.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram