avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
29.08.2025 08:37
Мектептерді тексеру- жазалау ма, әлде шынайы бақылау ма?

Санэпид қызметкерлері мектепке, балабақшаға келгенде не болады? Асхана жабыла ма, директорға айыппұл салына ма? Қауіпсіздік қалай?

Бұл сұрақтар көптеген ата-ананы, мұғалімді, тіпті кәсіпкерлерді де мазалайды. Жылдар бойы қалыптасқан жүйе нақты бақылаудан гөрі формалдылыққа айналып кеткендей еді.

Бірақ біз мұны өзгертпекпіз.

Қарағандыда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесіп, өзіміздің заңға дайындаған өзгерістерді талқыладық.

Жылдар бойы қордаланған проблемалар бар:
• Тексерулерді алдын ала ескерту қажет;
• Қызметкерлер өздерімен бірге рұқсат қағаздарын жинауы тиіс;
• Айыппұлдар мектеп директорларына салынады, тіпті ол бұзушылыққа тікелей қатысы болмаса да;
• Шынайы бақылау мүмкін емес.

✅ Біз не өзгертеміз?

🔹 Бақылау “күтпеген” форматқа көшеді –енді алдын ала ескерту болмайды;
🔹 Бастапқы тексерулерде айыппұл салынбайды– алдымен ескерту, кеңес, ұсыныс беріледі;
🔹 Мектептер мен лагерьлерде жыл сайын оқу жылы алдында жоспарлы тексеріс жүргізіледі;
🔹 Қаржылық шығынды талап ететін бұзушылықтар үшін директор емес, әкімдік жауапты болады;
🔹 Балалардың өміріне қауіп төнген жағдайда – жедел шаралар қолданылады: уақытша жабу, қызметкерді шеттету және т.б.;
🔹 Мектеп асханаларының жеткізушілеріне арналған арнайы тізілім енгізіледі, адал емес жеткізушілерге тосқауыл қойылады.

👧👦 Балалардың қауіпсіздігі – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі.

Санэпидбақылау – бұл жай тексеру емес, ел болашағын – балаларымызды қорғаудың маңызды құралы.
👍 18
4
👏 4
4 2.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram