avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
06.04.2026 07:10
Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

emoji Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды:
- ұйымдастыру шаралары
- ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
- Конституцияның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету.

✅ Ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу. Конституция электронды платформаларда орналастырылады. Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

✅ Жоспарға сай оқыту семинарлары мен білім беру іс-шаралары өткізіледі. Мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұны жаңартылады. «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстары, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдары әзірленеді.

✅ Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар іс-шаралар мен кешенді медиа-жоспар дайындалады.

✅ Конституцияның жүзеге асырылуын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде заңнамалық шараларды іске асыру, қолданыстағы заңнаманы талдау, Негізгі Заңның нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру шаралары бөлек қарастырылған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай жаңа Конституцияны іске асыру бойынша ведомстволарға бақылауды бекіткен болатын. Бұл құжатта 7-сәуірге дейін Үкіметке Конституцияны ілгерілету жөніндегі жоспар құру тапсырылған болатын.
664

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Жаңа Конституция

2.2K
Открыть в Telegram