avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
22.04.2026 08:52
⚡️ Касым-Жомарт Токаев: «Казахстан уделяет особое внимание вопросам экологической ответственности на самом высоком законодательном уровне»

«Наша новая Конституция четко определяет охрану окружающей среды в качестве одного из основополагающих принципов государственной политики и гражданской ответственности.

Она подтверждает, что экологическая безопасность и процветание – это не технический вопрос. Это подлинная ценность, которая должна стать неотъемлемой частью нашего национального самосознания и долгосрочных стратегий развития.

Казахстан реализует меры, направленные на:

переход к более экологически чистой энергетике;

охрану биоразнообразия;

восстановление деградированных земель;

модернизацию систем управления водными ресурсами;

внедрение политики водосбережения;

и, безусловно, укрепление регионального сотрудничества в области охраны окружающей среды.

Мы признаем, что ни одна страна не сможет добиться успеха в одиночку, поэтому основной упор должен быть сделан на совместные усилия на региональном и глобальном уровнях.

Мы реализуем эту повестку путем практических действий, внедрения новых технологий и долгосрочных инвестиций в укрепление устойчивости», – отметил Президент на Региональном экологическом саммите.
658
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
22.04.2026 08:51
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»

Ол туралы мемлекет басшысы астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте айтты.

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды.

Яғни, біз үшін экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу жай ғана мәселе емес. Ол ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы ретінде қарастырылады.

Қазақстан:

экологиялық таза энергия өндірісіне көшу;

биоалуантүрлілікті қорғау;

тозған жерлерді қалпына келтіру;

су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру;

су үнемдеу саясатын енгізу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағыттарындағы шараларды қолға алды.

Әлбетте, ешбір ел жалғыз жортып, табысқа жете алмайды. Сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш жұмылдыруға баса мән береміз.

Біз аталған міндетті нақты іс, жаңа технологияларды игеру және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестиция салу арқылы орындаймыз».
460
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
21.04.2026 05:19
Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту – мемлекеттің стратегиялық басым бағыты

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралуда.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің мемлекетіміз әлеуметтік мәселелерге баса мән беретінін әрдайым атап өтуде.

Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары, бәріне бірдей мүмкіндік беру, қолжетімді орта қалыптастыру мемлекеттің стратегиялық басым бағыттары ретінде айқын көрініс тапқан. Біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдады»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «Qamqor plus» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшылығы баяндама жасайды.



В новой Конституции развитие человеческого капитала – стратегическое направление деятельности государства

Олжас Бектенов: “Наша задача – всесторонняя поддержка лиц с ограниченными возможностями”


📌 На повестке заседания Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова – меры по реализации инклюзивной политики.

«Президент страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев всегда подчеркивает социальную ориентированность нашего государства.

В новой Конституции развитие человеческого капитала, права лиц с инвалидностью, равенство возможностей, создание доступной среды, закреплены в качестве стратегического направления деятельности государства.
Наша задача – всесторонняя поддержка лиц с ограниченными возможностями.

В этой связи по поручению Главы государства Правительством принята Концепция инклюзивной политики до 2030 года»,

— отметил Олжас Бектенов.

С докладами о проводимой работе выступит руководство министерств труда и социальной защиты населения, здравоохранения, просвещения, транспорта, промышленности и строительства, а также фонда «Самрук-Казына» и общественного объединения инвалидов «Qamqor plus».
2 525
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
06.04.2026 07:11
Правительство утвердило план по разъяснению новой Конституции

emoji Премьер-министр Олжас Бектенов подписал масштабный план мероприятий по продвижению положений обновленного Основного закона, принятого на референдуме 15 марта.

✅ Документ включает 36 пунктов, направленных на то, чтобы каждый казахстанец понимал новые нормы и свои права. Текст Конституции будет издан массовыми тиражами, в том числе в специальных форматах для людей с инвалидностью и на цифровых платформах.

✅ Особый акцент сделан на образовании: в школах и вузах появятся новые курсы «Основы Конституции» и «Закон и порядок», а для детей выпустят специальные просветительские издания. Помимо информационной кампании в СМИ, План предусматривает полную ревизию действующего законодательства, чтобы привести все кодексы и стратегии в соответствие с новой Конституцией.

Напомним, ранее Руководитель Администрации Президента Айбек Дадебай закрепил за ведомствами жесткий контроль по реализации норм Основного закона. Согласно поручению, правительство должно было утвердить план продвижения Конституции в срок до 7 апреля задача выполнена оперативно и в полном объеме.
1 845
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
06.04.2026 07:10
Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

emoji Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды:
- ұйымдастыру шаралары
- ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
- Конституцияның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету.

✅ Ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу. Конституция электронды платформаларда орналастырылады. Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

✅ Жоспарға сай оқыту семинарлары мен білім беру іс-шаралары өткізіледі. Мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұны жаңартылады. «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстары, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдары әзірленеді.

✅ Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар іс-шаралар мен кешенді медиа-жоспар дайындалады.

✅ Конституцияның жүзеге асырылуын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде заңнамалық шараларды іске асыру, қолданыстағы заңнаманы талдау, Негізгі Заңның нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру шаралары бөлек қарастырылған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай жаңа Конституцияны іске асыру бойынша ведомстволарға бақылауды бекіткен болатын. Бұл құжатта 7-сәуірге дейін Үкіметке Конституцияны ілгерілету жөніндегі жоспар құру тапсырылған болатын.
664
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
21.03.2026 14:06
Мемлекет басшысы: «Жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын»

«Ата заңда Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті деп тайға таңба басқандай жазылды. Бұл тарихи жәдігері мол Түркістан халқы үшін маңызды жаңашылдық деп ойлаймын.

Бірегей болмысы мен төл мәдениетіне табан тіремеген ел дамудың даңғыл жолына түсе алмайды.

Біз, елімізде тұрып жатқан біртұтас қазақ халқы, жаңа Ата заңды бағдар етіп ұстап, жұдырықтай жұмылып, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайта беруіміз керек.

Осы сәтті пайдаланып, тағы бір маңызды мәселені көтерейін деп отырмын. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысының бірінде әйгілі Қожа Ахмет Ясауи туралы айттым.

Бұл – бүкіл жер жүзіндегі адамзатқа ортақ ғұлама, оны бәріміз ең алдымен қазақ халқының мақтанышы ретінде қабылдауымыз керек.

Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеуіміз қажет, бірақ ең біріншіден Қазақстанның жұртшылығына танымал етуіміз керек.

Осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнауымыз керек. Еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру қажет.

Мен жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылады. Бұл орденнің мәртебесі жоғары болуға тиіс».
911
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
21.03.2026 12:54
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заңдар мен қоғамдық тәртіп қатаң сақталмаса, елімізде ешқандай реформа ойдағыдай жүзеге аспайды»

«Мен неліктен Заң мен тәртіп қағидатын міндетті түрде іске асыру туралы жиі айтамын? Себебі заңдар мен қоғамдық тәртіп қатаң сақталмаса, елімізде ешқандай реформа ойдағыдай жүзеге аспайды. Өйткені бұл – өмірдің саяси заңы.

Ел ішін тұрақсыздық жайлаған, билік институттары орынсыз, жөнсіз сын мен шабуылға ұшыраған мемлекеттерде ешқандай ілгерілеу болмайды.

Осы орайда, мен біздің еліміздегі қоғамдық өмір дұрыс табиғи жолмен, яғни, эволюциялық жолмен даму керектігін, тоқырауға мүлде жол беруге болмайтынын жақсы түсінемін.

Сол себепті 2022 жылдың өзінде Конституцияға Президентті жеті жылдық мерзіммен бір рет қана сайлау туралы ереже енгізілді. Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте, сондай-ақ ұлттық компанияларда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды.

Ал жаңа Ата Заңға конституциялық және құқық қорғау органдарының басшыларын бір мерзімге сайлау туралы ереже енгізілді. Біз білетін елдердің конституциясында дәл осындай ережелер жоқ деп айтуға болады.

Мен жаңа консультативтік орган ретінде құрылатын Халық кеңесіне үлкен үміт артамын. Бұл құрылым қоғамдық-саяси өмірге қатысты аса өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ, Құрылтайға заң жобаларын ұсынады, яғни Халық кеңесі заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады».
584
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
21.03.2026 12:46
Президент: «Построение правового государства было заветной мечтой наших предков»

«Перед нами стоят очень высокие и сложные цели. Благодаря упорному труду мы непременно достигнем намеченных целей, в этом не должно быть никаких сомнений.

На рассмотрение Парламента в ближайшее время будет внесено пять новых конституционных законов – о Президенте, Курултае, Халық Кеңесі, а также статусе столицы и административно-территориальном устройстве страны.

Через такие институты, как Курултай и Халық кеңесі, будет выстроена прогрессивная модель народовластия.

Глубокое символическое значение имеет то, что в год 300-летия Курултая в Ордабасы, сыгравшего особую роль в нашей истории, обновленный Основной закон возрождает Курултай.

Также предстоит внести поправки в 8 конституционных законов и свыше 60 законов, в том числе в ряд кодексов.Все это, несомненно, окажет значительное влияние на наше будущее.

Испокон веков жизнь казахского общества регулировалась уникальными законами Великой степи. Мы хорошо знаем, что построение правового государства было заветной мечтой наших предков».
2 408
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
21.03.2026 12:45
Президент: «Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты болғанын тарихтан бәріміз жақсы білеміз»

«Сонымен еліміздің алдында өте биік және күрделі мақсаттар тұр. Біз табанды еңбектің арқасында оның бәрін орындауымыз керек, бұған ешқандай күмән болмауға тиіс.

Көп ұзамай Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа 5 конституциялық заң ұсынылады. Құрылтай, Халық кеңесі институттары арқылы халық билігінің озық үлгісі қалыптасады.

Біз тарихи тағдырымызда ерекше орын алған Ордабасы құрылтайының 300 жылдығында жаңа Конституциямызға сай Құрылтайды қайта жаңғыртатын болдық. Мұның да символдық мәні бар.

Сонымен қатар 8 конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу қажет болады. Осының бәрі болашағымызға күшті ықпал етері анық.

Қазақ елі сан ғасыр бойы бірегей дала заңымен өмір сүрді. Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты болғанын тарихтан бәріміз жақсы білеміз».
391
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
21.03.2026 12:43
Касым-Жомарт Токаев: «Новая Конституция принята, прежде всего, во благо подрастающего поколения»

«Как известно, в начале этой недели я скрепил своей подписью Конституцию и подписал Указ о мерах по реализации ее положений. С 1 июля Новая Конституция официально вступает в силу.

Отныне мы будем ежегодно всенародно праздновать День Конституции в качестве государственного праздника 15 марта, в день проведения референдума.

Общенациональное голосование ярко высветило активность, новаторство и зрелость нашей молодежи. Представители нового поколения сделали свой выбор, будучи ответственными, прогрессивными и творческими гражданами своей страны.

Новая Конституция принята, прежде всего, во благо подрастающего поколения, можно сказать, что этот документ ориентирован на молодежь. Основной закон станет верным путеводителем для молодых людей. Созидательная сила Новой Конституции раскроется благодаря участию в ее реализации молодежи».
490
avatar
Жаңа Конституция
@Janakonstituciya
21.03.2026 12:39
Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуінде Конституциялық реформаға бей-жай қарамаған қазақстандықтарға алғыс білдірді.
«Жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыз еліміздің жарқын болашағы үшін, яғни, жас ұрпақтарымыз үшін тарихи таңдауын жасады. Ел қолдауына ие болған нағыз Халық Конституциясы тұғырына қонды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
498
avatar
Жаңа Конституция
Переслано от Aqorda 🇰🇿
17.03.2026 09:33
Глава государства Касым-Жомарт Токаев скрепил своей подписью Конституцию Республики Казахстан и подписал Указ «О мерах по реализации Конституции Республики Казахстан, принятой 15 марта 2026 года»

@aqorda_resmi
2 500
avatar
Жаңа Конституция
Переслано от Aqorda 🇰🇿
17.03.2026 09:32
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

@aqorda_resmi
1 488

Жаңа Конституция

2.2K
Открыть в Telegram