20 МЕКТЕП, 199 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ ЖӘНЕ 1000 АУЛА: АЛМАТЫДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Алматы қаласында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Соңғы үш жылда қалада әлеуметтік және инфрақұрылымдық үлкен өзгерістер орын алды.
34 мыңнан астам оқушыға арналған 20 мектеп салынды. Қосымша ғимараттар мен жаңа балабақшалар ашылып, мыңдаған балаға сапалы білім алуға мүмкіндік жасалды.
Денсаулық сақтау саласында жаңа медициналық нысандар іске қосылып, тұрғындарға қолжетімді қызмет көлемі артты. Оңалту мен ерте араласу бағыттары да күшейтілді.
Қала экономикасы қарқынды дамып келеді. Үш жыл ішінде 199 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, мыңдаған адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, мыңдаған жобаға мемлекеттік көмек берілді.
Инфрақұрылым да жаңарып жатыр. Жүздеген шақырым жол жөнделіп, сумен жабдықтау және инженерлік желілер жаңғыртылды.
Қалада 1000-нан астам аула абаттандырылып, тұрғын үйлер жөнделді, қоғамдық көлік жаңартылды.
Жастарға да ерекше көңіл бөлінуде. Мыңдаған жас баспанамен қамтылып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.
Бұл нақты істер мен жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram