«AMANAT» партиясы экологиялық бастаманы қолдау мақсатында Астанада қалалық сенбілік өткізді
Бүгін «AMANAT» партиясының белсенділері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері Астанада қалалық сенбілікке қатысты.
Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Сенбілікке «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысты.
Рақымжан Қошқарбаев даңғылы бойындағы аумақта партияластар шамамен 50 түп ағаш екті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық мәдениетін қалыптастыру мен табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын үнемі айтып келеді.
Осы тұрғыда, жүздеген мың қазақстандықты біріктірген «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы ерекше маңызға ие.
Бұл бастама қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, аумақтарды көгалдандыруға және қоғамның мәдениетін арттыруға бағытталып отыр.🌿
Осы күн тәртібін қолдай отырып, «AMANAT» партиясы елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін экологиялық жобаларды жүйелі жүзеге асырып келеді.
285
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram