«AMANAT» сайлауалды бағдарламасы: Ақтауда құтқару қызметінің мүмкіндігі жаңа деңгейге көтерілді
Биыл Ақтау қаласының 35-шағын ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Нысанның ашылуы өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел әрекет ету мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырды.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында халық санының артуына байланысты өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымын күшейту қажеттілігі туындады. Бұл мәселені облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алға тартып, «AMANAT» партиясынан қолдау сұраған еді. Осылайша партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде жаңа өрт сөндіру депосы салынып, іске қосылды.
Аталған нысан бүгінде 35-шағын аудан және оған іргелес аумақтарды, соның ішінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды, жалпы 40 000 адам тұратын аумақтың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бұл нысанның ашылуы өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел әрекет ету жүйесін жаңа деңгейге көтерді.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram