8 айда 2 миллион кітап оқылды
Ұлттық кітап күніне орай өткен жоба 8 ай ішінде үш өңірде 190 мыңға жуық адамды қамтып, жалпы саны 2 млн кітап оқылды
Бұл – қоғамда оқу мәдениетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсететін нақты нәтиже
Ерлан Қошанов атап өткендей, жоба Мемлекет басшысының кітап оқу идеясын ілгерілету жөніндегі бастамасын жүйелі жүзеге асыруға бағытталған. Оның аясында жаңа формат – кітап оқу марафоны енгізілді
Қатысушылар арнайы іріктелген кітаптарды оқып, викториналар, дебаттар, эссе байқаулары мен зияткерлік квиздер арқылы білімдерін шыңдады
Бұл бастама елімізде оқу мәдениетін қалыптастыруға және зияткер ұлт құруға бағытталған маңызды қадам
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram