«AMANAT» партиясында «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары марапатталды
«AMANAT» партиясында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Үш өңірде – Шымкент қаласында, Қарағанды және Қостанай облыстарында пилоттық жоба аясында 8 айда жалпы саны шамамен 2 млн кітап оқыған 190 мыңға жуық адам қамтылды.
Іс-шараны аша отырып,
Ерлан Қошанов «Кітап оқитын ұлт» жобасы Мемлекет басшысының қоғамда кітап оқу идеясын ілгерілету жөніндегі бастамасын жүйелі жүзеге асыру жұмысы аясында қолға алынғанын атап өтті. Партияның ауқымды зияткерлік-ағартушылық жобасы тұрғындар арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа форматты – кітап оқу марафонын енгізді.
Сарапшылар әр бағыт бойынша қазақ және орыс тіліндегі 15 кітаптан тұратын тізім әзірледі. Оларды барлық қатысушы оқуға тиіс болды. Кейін осы кітаптар негізінде викториналар, дебаттар, эссе байқаулары және зияткерлік квиздер өткізілді.
Ерлан Қошанов елімізде оқу мәдениетін одан әрі дамытуға бағытталған партияның жүйелі жұмысы жалғасатынын атап өтті. Ол жобаға қатысқан барша азаматқа және серіктестерге бастаманы жүзеге асыруға елеулі үлес қосқандары үшін ризашылығын білдіріп, бұл салада мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктірудің маңызын атап өтті.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram