Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс», деген еді. Осы орайда, елімізде кітап оқу мәдениет дамытуға бағытталған байыпты қадамдар жасалуда.
Мәселен, партиямыздың қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры Қарағанды, Қостанай облыстарының, Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесіп «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыруда. Осы уақыт аралығында жобаға 189 мыңнан астам адам қатысы.
Ал «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында ел аумағында 24 кітап орталығы тұрақты жұмыс істеп тұр. Осы орталықтарда 17 мыңнан астам оқырманның, жастардың, отандық авторлар мен баспа өкілдерінің қатысуымен 1,5 мыңнан астам мәдени-рухани және танымдық-ағартушылық іс-шара өткізілді.
«AMANAT» партиясы бұл бағыттағы жүйелі жұмысын алдағы уақытта да жалғастыра береді!
2 409
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram