iPhone қолданушыларына ескерту
Соңғы уақытта iCloud толды деген жалған хабарламалар көбейіп кетті. Алаяқтар өздерін Apple немесе басқа бұлтты сервистер атынан таныстырып, SMS, email және мессенджер арқылы жалған ескертулер таратуда.
Мұндай тәсіл Google Drive, Яндекс Диск, Облако
Mail.ru сервистерінде де қолданылуы мүмкін. Негізгі мақсат — жалған сілтеме арқылы сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу.
Өзіңізді қалай қорғайсыз
• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз
• Аккаунтты тек ресми қосымша немесе сайт арқылы тексеріңіз
• Жеке деректерді бөгде сайттарға енгізбеңіз
• Екі факторлы қорғанысты қосыңыз
• Күрделі әрі бірегей құпиясөз қолданыңыз
• Күдік болса, парольді дереу өзгертіңіз
Ресми сервистер ешқашан құпиясөзді хабарлама арқылы сұрамайды.
Осындай қауіптердің алдын алу және азаматтарды дер кезінде хабардар ету — «AMANAT» партиясы жүзеге асырып жатқан «Цифрлық қоғам» жобасының маңызды бағыттарының бірі. Жоба аясында киберқауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылады.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram