Мархабат Жайымбетов: Балалардың қауіпсіздігі нақты жүйеге сүйенуге тиіс
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновке балалар ойын-сауық алаңдарының қауіпсіздігіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
Ол сауда орталықтарындағы балалар алаңдарының орналасуы, оның санитарлық жағдайы, қызмет сапасы, баға саясаты және қызметкерлердің дайындық деңгейі бойынша бірқатар жүйелі мәселені көтерді.
«AMANAT» партиясы балалардың қауіпсіздігін және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді маңызды міндет ретінде қарастырады. Балалардың қауіпсіздігі нақты жүйеге сүйенуге тиіс», – деді Мархабат Жайымбетов.
Депутат балалар қауіпсіздігін арттыру үшін ойын алаңдарын тек бірінші қабатта орналастыруды заңмен міндеттеуді, санитарлық талаптарды күшейтуді, баға саясатын реттеп, қызмет құнының қалыптасуын ашық етуді ұсынды.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram