Үнзила Шапақ: «Шығын 209,5 млрд теңгеге жетті»
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің тиімділігі туралы депутаттық сауал жолдады.
«2020 жылдан бері тексерілген 13 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның 8-інде шығын 7 есе өсіп, 209,5 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар 138 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар және 48,1 млрд теңге тиімсіз жоспарлау фактісі анықталған. Бұл басқарушылық және қаржылық тәуекелдердің жүйелі сипатын көрсетеді», – деді депутат.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram