avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
22.04.2026 15:43
«Жол инфрақұрылымын дамыту әлі де өзекті болып отыр»


Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Ол Жетісу облысындағы «Бұрхан-Бұлақ» сарқырамасына апаратын жолды жөндеу жұмыстары қаржыландырудың жетіспеуінен тоқтап қалғанын айтып, оған қаржы бөлуді сұрады. Сондай-ақ Балпық би мен Бақтыбай елді мекендерін айналып өтетін автомобиль жолын және Айнабұлақ бекетіндегі теміржолдан өтетін өткел салу мәселелерін көтерді.

«Бұл мәселелер «АМАNАТ» партиясының тұрақты бақылауында. Осыған орай Үкіметтен аталған жайттарды шешу жолдарын қарастырып, оны іске асыруды сұраймын», – деді Болат Керімбек.
248

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram