Тілектес Адамбеков: «Starlink» және «OneWeb» жүйелері елдің егемендігіне қатер төндіреді»
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
Тілектес Адамбеков Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке байланыс саласына қатысты депутаттық сауал жолдады.
«Starlink» және «OneWeb» жүйелерін отандық спутниктерге балама ретінде пайдалануға басымдық беру – елдің егемендігіне тікелей қатер төндіреді. Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік провайдерлерге байланыс саласында аса маңызды инфрақұрылымның тәуелді болуы – қазіргі жағдайда өте қауіпті», – деді депутат.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram