avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
22.04.2026 11:29
«AMANAT» партиясының қолдауы: 8 жыл бойы сергелденген отбасы баспаналы болды


«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында азаматтардың өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Соның нәтижесінде тұрғындарға нақты қолдау көрсетіліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына мүмкіндік жасалып жатыр.

Осындай қолдаудың нақты нәтижесін көрген азаматтардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Мұхтар Ханзадаев. Ол 2024 жылдың жаз айында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бөкейхан Әбішевтің жеке қабылдауында болып, өз мәселесін жеткізді


Бес баланы тәрбиелеп отырған отбасы бұған дейін 7–8 жыл бойы қаладағы мешіттердің бірінде уақытша паналап келген.

Аталған мәселе партиялық бақылауға алынып, нақты шаралар қабылданды.
Нәтижесінде Бөкейхан Әбішевтің жеке демеушілігімен отбасыға жер телімі беріліп, сол аумақта бес бөлмелі тұрғын үй салынды.


2025 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жаңа баспананың кілті салтанатты түрде табысталды.
303

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram