Алматы облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты форум өтті.
Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздікті күшейту, тұрғындармен кері байланысты арттыру және МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Форумға «AMANAT» партиясының Хатшысы
Ержан Жылқыбаев, Алматы облысының әкімі
Марат Сұлтанғазиев, Мәжіліс депутаты
Болат Керімбек, облыстық Полиция департаментінің бастығы
Мейрам Әбікеев, сондай-ақ мәслихат депутаттары мен сала мамандары қатысты.
Форум аясында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 200-ге жуық тұрғын өз мәселелерін тікелей жауапты мамандарға жеткізді. Қабылдауға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құқық қорғау және өзге де салалардың өкілдері қатысып, тұрғындарға нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram