4 отбасыға – 4 баспана: «AMANAT» партиясының депутаты жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті
Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі
Нұрлыбек Даралиевтің бастамасымен әлеуметтік жағдайы осал топтағы 4 отбасыға жаңа баспана табысталды. Үйлер Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Көктем ықшамауданында орналасқан.
Бұған дейін бұл отбасылар ұзақ жылдар бойы баспана мәселесін шеше алмай, пәтер жалдап келген. Бұл олардың тұрмыс-тіршілігіне айтарлықтай қиындық туғызды.
Мәселе партия алаңында көтеріліп, тұрғындардың өтініші негізінде нақты шешім қабылданды. Нәтижесінде бірнеше отбасы жаңа қонысқа қол жеткізді.
Жаңа баспана иелерінің қатарында көпбалалы отбасылар да бар. Олар ұзақ уақыт тұрғын үй кезегінде тұрған.
Берілген екі бөлмелі үйлердің әрқайсысының аумағы 60 шаршы метрді құрайды. Барлық үйлер газ, су және электр жүйелерімен толық қамтамасыз етілген.
Енді жаңа қоныс иелері өз баспанасында алаңсыз өмір сүре алады.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram