Астана жастары Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқыды
Елорда жастары әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов шығармашылығын ұлықтап, оның өлеңдерін жатқа оқыды.
Мұхтар Шаханов – поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастырып, ел тағдыры мен қоғам мәселелерін терең жырлаған біртуар тұлға. Оның шығармалары қазақ руханиятының асыл қазынасына айналып, бірнеше буынға ой салды.
Ақынның қайсар мінезі, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүддеге адалдығы әрдайым үлгі болып қала береді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram