avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
20.04.2026 18:54
«AMANAT» партиясының бастамасымен Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Жастар ауылында жаңа модульдік фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмек алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Бұл әсіресе қарттар, жүкті әйелдер және балалы отбасылар үшін үлкен қиындық туғызды.

Мәселе партия алаңында көтеріліп, тұрғындардың өтініші негізінде жедел шешім қабылданды. Нәтижесінде ауылда заманауи медициналық нысан салынды.

Жаңа пункт барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі.
Профилактикалық тексерулер, вакцинация және аурулардың алдын алу шаралары жүргізіледі.

Енді ауыл тұрғындары медициналық қызметтерді өз елді мекенінде ала алады.
331

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram