avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
20.04.2026 11:03
«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Абай облысының Бородулиха ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Бұл нысан ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жобаға айналды. Кешеннің ашылуы бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін берді.

Бүгінде мұнда жүздеген бала тұрақты түрде спортпен айналысып жүр

Бокс, еркін күрес, дзюдо, футбол, жүзу, волейбол және басқа да спорт түрлеріне барлық жағдай жасалған

Жалпы, аудан бойынша 650-ден астам бала спорт мектептерінде жүйелі түрде шұғылданады.

Кешен заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда, бейнебақылау жүйелері орнатылып, кіру-шығу толық бақылауда.

Тұрғындардың айтуынша, бұл – көптен күткен маңызды нысан. Енді балалар спортпен толыққанды айналысып, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алды.

Ата-аналар да балалардың спортқа қызығушылығы артып, денсаулығы нығайып жатқанын атап өтуде.

Бұл жоба «AMANAT» партиясының нақты істер арқылы ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмысының айқын нәтижесі .
309

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram