«Таңшолпан» жобасының қорытындысы: Қостанай облысында кадрлық резервке енген қатысушыларға сертификат табысталды
Қостанай облысында әйелдер көшбасшылығын дамытуға және кадрлық резерв қалыптастыруға бағытталған «Таңшолпан» жобасының қатысушыларына сертификат табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара «Таңшолпан: әйелдер кадрлық резерві – нәтижелер мен перспективалар» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жоба қорытындысын шығаруға, сондай-ақ ондағы түлектердің алдағы мүмкіндіктерін талқылауға арналды. Салтанатты жиынға «AMANAT» партиясының өкілдері, депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.
🌐Толығырақ:
amanatpartiasy.kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram