«AMANAT» партиясы: «Тұрғындар аманаты» жобасы нақты нәтиже беруде
Елордадағы тұрғын үй кешендерінде жылдар бойы шешілмей келген мәселелер аз емес. Қауіпсіздік, коммуналдық қызмет сапасы, аула жағдайы – мұның бәрі тұрғындарды алаңдатып келеді.
Осы түйткілдерді жүйелі түрде шешу үшін «AMANAT» партиясы «Тұрғындар аманаты» жобасын іске қосты. Алғашында Астанада пилоттық форматта басталған жоба бүгінде нақты нәтижесін көрсетуде.
Соның айқын мысалы – «Тұрсын Астана» тұрғын үй кешені. 2012 жылдан бері мұнда өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылмаған. Тұрғындар бірнеше рет шағымданғанымен, мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келген.
Аталған мәселе партия алаңында көтеріліп, депутаттардың араласуымен құзырлы органдарға жедел түрде жолданды. Нәтижесінде төрт ай ішінде кешенге толыққанды өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылып, бүгінде тұрақты жұмыс істеп тұр.
Бұл – «Тұрғындар аманаты» жобасының тиімділігін көрсететін нақты нәтиже. Жоба аясында тұрғындардың өтініштері жедел қаралып, мемлекеттік органдармен бірлескен шешімдер қабылдануда.
Қазіргі таңда жоба арқылы 100-ден астам мәселе оң шешімін тапты. Оның ішінде тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, заңгерлік көмек көрсету және инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар бар.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да халықпен бірге болып, әрбір азаматтың мәселесін шешуге бағытталған жұмысты жалғастыра береді.
328
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram