23 сәуір – Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күніне орай еліміздің барлық өңірінде ауқымды кітап апталығы бастау алды.
Апталық аясында 1 500-ден астам іс-шара өтеді. Негізгі мақсат – кітап оқу мәдениетін арттыру және қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту.
Ел көлемінде кітап фестивальдері, ашық есік күндері, жәрмеңкелер, оқу марафондары ұйымдастырылып, баспалар мен кітап дүкендері бірлесіп түрлі жобаларды жүзеге асырады.
Сондай-ақ кітапханаларда тақырыптық көрмелер, таныстырылымдар мен арнайы бағдарламалар өтеді. Бұл бастамалар кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оның қоғамдағы маңызын күшейтуге бағытталған.
Осы бағытта «Кітап-AMANAT» жобасы ерекше рөл атқарады. Жоба оқырман мен баспагер арасындағы алтын көпірге айналып, сапалы әдебиетті кеңінен насихаттауға үлес қосуда.
Кітап – білімнің кілті, ал білім – болашақтың негізі!
303
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram