avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
17.04.2026 19:12
Цифрлы болашақ және жастар: «AMANAT» партиясында ЖИ дәуіріндегі негізгі дағдылар талқыланды

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда жасанды интеллектіні, цифрлық дағдыларды дамыту және жастарды жедел технологиялық өзгерістерге бейімдеу мәселелері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге талқыланды.

Отырыс «Жасанды интеллект және цифрландыру дәуіріндегі жаңа дағдылар мен сын-қатерлер» тақырыбына арналды. Қатысушылар Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы бастамалардың жүзеге асырылу барысын назарға алып, жастар арасындағы құзыреттерді дамытудың негізгі бағыттарын айқындады.

Талқылау барысында жасанды интеллект қазірдің өзінде еңбек нарығына ықпал етіп отырғаны атап өтілді. Ұсынылған деректерге сәйкес, Қазақстанда өзгерістер 562 мамандықты қамтиды. Бұл – жұмыспен қамтылған 4 млн-ға жуық адам немесе еңбек нарығының 44%-ы деген сөз. Бұл ретте, мәселе тек жұмыс орындарының қысқаруы ғана емес, кәсіби рөлдердің терең трансформациясы туралы болып отыр.

Толығырақ: amanatpartiasy.kz
1 184

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram