Атырау қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен «Women in Science» өңірлік форумы өтті. Іс-шара Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында ұйымдастырылды.
Форум аясында ғылымдағы әйелдердің рөлі, өңірдің ғылыми әлеуетін арттыру және жас зерттеушілерді қолдау мәселелері талқыланды. Қатысушылар бұл бағыттағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді кеңінен қозғады.
Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагері Мәдина Ғабдісалімқызы, қоғам қайраткері Рашиля Мурсалиева және ғалым, ұстаз Нұрлы Әйтиева қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың жетістіктері жастарға үлкен мотивация берді.
«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ғылымдағы әйелдерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бастамалар қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты күшейтіп, нақты нәтижелерге жол ашуда.
Форум ғылым, білім және қоғам арасындағы байланысты нығайтып, жаңа идеялар мен бастамалардың пайда болуына серпін берді. Сонымен қатар, ғылым саласына үлес қосқан бірқатар ғалым партия атынан марапатталды.
Әйелдер ғылымда – болашаққа сенімді қадам! ✨
238
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram