avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
16.04.2026 18:17
«TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы Маңғыстау облысындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының дамуына тың серпін береді

«TURGYNDAR AMANATY» жобасының басты мақсаты – қолайлы, қауіпсіз және заманауи қалалық орта қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындардың белсенділігін арттыру. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев Ақтау қаласында өткен «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбындағы өңірлік форум жұмысында мәлімдеді. Ол күн сайын халықпен тікелей жұмыс істейтін МИБ және ПИК төрағалары тұрғындардың нақты сұранысын жақсы білетінін және «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасының қозғаушы күшіне айналуға тиіс екенін атап өтті.

Форум жұмысына Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Самат Мусабаев пен Еділ Жанбыршин, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, партия филиалдарының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ өңірдегі МИБ және ПИК өкілдері қатысты.

🌐 Толығырақ: amanatpartiasy.kz
294

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram