AMANAT партиясы жүзеге асырып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында І топ мүгедегі Айбаршын Жүсіпалиеваның 2 миллион теңге қарызы банкроттық деп танылып, мәселе әділ шешімін тапты.
Айбаршын Жүсіпалиева сегіз жыл бұрын отбасылық кәсіп бастау үшін банк арқылы несие алған. Алғашында төлемдерін уақытылы өтеп жүрген. Алайда денсаулығы күрт нашарлап, бірнеше рет ота жасатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан жұмыс істеу мүмкіндігі азайып, несиесін төлеу қиындай түсті.
Уақыт өте келе Айбаршын Жүсіпалиева қарызын толық өтеу мүмкіндігінен айырылды. Банктік шоттары бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салынды. Сонымен қатар коллекторлар тарапынан психологиялық қысым да көрсетілген.
Денсаулығы да нашарлай түсті. Бір көзі мүлде көрмей қалса, екінші көзі небәрі 10 пайыз ғана көреді. Дәрігерлер көру қабілетін сақтау үшін шетелде ем қабылдауға кеңес берген. Бірақ елден шығуға қойылған тыйым оған кедергі болды.
Сол кезде Айбаршын Жүсіпалиева «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы біліп, мамандарға жүгінді. Нәтижесінде оның 2 миллион теңге қарызы банкроттық деп танылып, шетелге шығуына қойылған шектеу алынды.
Бүгінде Айбаршын Жүсіпалиева ем қабылдау үшін Ташкентке баруға мүмкіндік алып отыр. Ол өзіне қолдау көрсеткен жандарға шексіз алғысын білдіреді.
Бұл оқиға қиындыққа мойымай, үмітін үзбеген адамның жеңісін көрсетеді. «Қарызсыз қоғам» жобасы көптеген азаматқа жаңа мүмкіндік беріп келеді 🙌
279
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram