«AMANAT» бастамасы: Мұнайлыда медицина жаңа деңгейге көтерілді
«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарын сапалы әрі заманауи медициналық қызметпен қамтамасыз ету бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Соның айқын дәлелі – Маңғыстау облысындағы Мұнайлы аудандық ауруханасының жүйелі әрі сапалы жұмысы. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ашылған медициналық мекеме халыққа қолжетімді, білікті және заманауи көмек көрсететін орталыққа айналып, өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына серпін беріп отыр.
170 төсек-орынға арналған жаңа аурухананың ашылуы Мұнайлы ауданы тұрғындары үшін үлкен жеңілдік болды. Бұрын медициналық қызмет алу үшін Ақтау қаласына қатынап, уақыт жоғалтуға мәжбүр болған тұрғындар енді қажетті көмекті өз ауданында алуда. Бұл – уақыт үнемдеумен қатар, аурудың алдын алуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етті.
Бүгінде аудан тұрғындары сапалы, мамандандырылған медициналық көмекті облыс орталығына бармай-ақ аудандық ауруханадан алып отыр. Заманауи талаптарға сай жабдықталған медициналық мекеме ашылғалы бері 13 000-ға жуық тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 5 727 науқас стационарлық ем қабылдап үлгерген. Перзентхана бөлімі де толыққанды жұмыс істеп тұр. 2025 жылдың шілде айынан бері 2 915 әйел медициналық көмекке жүгініп, 912 сәби дүниеге келген.
Мұнайлы аудандық ауруханасының директоры Жанар Досжанованың мәлімдеуінше, медициналық нысан жұқпалы аурулар, оңалту, гинекология, жалпы терапия, хирургия бойынша тұрғандарға консультативті-диагностикалық көмек көрсетуде. Сонымен қатар аурухана магнитті-резонанстық томограф, эндоскопиялық жүйелер, цифрлық рентген аппараты, ультрадыбыстық диагностика құрылғылары және офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде ауруларды ерте анықтап, сапалы әрі тиімді ем жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бөлек соңғы үлгідегі лапароскопиялық және ашық әдіспен түрлі операциялар да жоғары деңгейде орындалып жатыр.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram