Мархабат Жайымбетов: «Жергілікті бюджет ауқымды жобаны көтере алмай отыр»
Мәжіліс депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновке Арал қаласындағы емхана мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады.
«Бір топ депутаттар Арал ауданында болған кездесулерде халықтың басты сұранысы да осы жаңа емхана болған. Осы мәселені шешу мақсатында жергілікті мемлекеттік орган 2025 жылы Арал қаласының екінші бөлігінде 250 келушіге арналған емхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізген. Қажетті жер телімі де, барлығы дайын. Жобаның жалпы құны – 6,6 млрд теңге. Бүгінде бұл бастаманың жүзеге асуы тек қаржыландыруға тіреліп отыр. Алайда ауданның да, облыстың да жергілікті бюджеті мұндай ауқымды жобаны көтере алмай отыр», – деді депутат.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram