avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
15.04.2026 14:43
Ерболат Сатыбалды: Қоғамда жалған марапаттар мен қолдан жасалған төсбелгілер көбейді

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалды Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға қоғамдық марапаттар жүйесін құқықтық тұрғыда реттеу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады.

«Қоғамда жалған марапаттар мен қолдан жасалған төсбелгілер көбейіп барады. Алып жатқан кейбір медаль мен төсбелгінің қадірі «үздік құда» төсбелгісінен де аспайды. Бұл үрдіс бүгінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдар арасында да кең таралып отырғаны қынжылтады. Әртүрлі қоғамдық бірлестіктер тарихи тұлғалардың есімдерін пайдаланып, мемлекеттік марапаттарға ұқсас белгілерді таратуда», – деді депутат.


Оның айтуынша, бұл жағдай азаматтардың санасында мемлекеттік марапат пен қоғамдық белгілердің ара-жігін ажыратуды қиындатып, шынайы еңбектің құндылығын төмендетуі мүмкін.
246

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram