Құқық қорғау органы ма, әлде қоғамдық ұйым ба? Нартай Сәрсенғалиев «би» атауын қолданатын ұйымдардың жұмысын тексеруді сұрады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Премьер-Министр Олжас Бектеновке мен «би», «билер кеңесі» атауын қолданатын қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
«Бүгінде елімізде 3 республикалық, 17 жергілікті билер ұйымы бар. Мүшелері де мыңдап саналады. Мәселе санында емес, аталған ұйымдардың төрелік айтуға талпынатын территориясында. Адамның құқығын қорғайтын мемлекеттік мекемелер толыққанды қызметін атқарып тұрған елде қоғамдық ұйым біткеннің төрелік айтуын, құқықтық мәселелерді шешуін тоқтату керек. Себебі мұндай әрекеттер заң бұзушылықты анықтайтын, оны тергейтін, шешім шығаратын ресми құқық қорғау органы ма, әлде қоғамдық ұйым ба деген екіұдай пікір тудыруы мүмкін», – деді депутат.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram