avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
14.04.2026 22:04
AMANAT жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасын іске қосуда

«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты. Ол партияның кадрлық активінің функционалдық құзыреттерін дамытуға бағытталып отыр. Жоба жергілікті жерлерде кәсіби әрі тиімді басқарушы буынды қалыптастыруды көздейді. Партияның Саяси менеджмент академиясы жаңа форматта ауылдық округтердің сайланған әкімдерін, мәслихат депутаттарын және бастауыш партия ұйымдарының өкілдерін оқыту жұмысын бастады. Жаңа бағдарлама басқарушылық құзыреттерді арттыруға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, стратегиялық ойлауды жетілдіруге және мемлекеттік жобалық басқаруды меңгеруге бағытталған. Оқыту жұмысы Абай облысында басталады.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов әлем қарқынды өзгеріп жатқанын, жаһандық тұрақсыздық жағдайында жаппай цифрландыру мен Жасанды интеллект жаңа өмір шындығына айналғанын атап өтті. Жаңа сын-қатерлерге лайықты жауап беру үшін Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды реформалар жүргізілуде. Бұл қадам азаматтардың ел басқару ісіне араласуын кеңейтуде. «AMANAT» партиясы жалпыұлттық үдерістерге тікелей қатысады. Сондықтан партияластар жаңа жағдайда алға қойылған міндеттерді лайықты әрі тиімді орындау үшін жаңа құзыреттерді белсенді түрде меңгеруі қажет.

«Біздің Президентіміз халықаралық қатынастардың мойындалған маманы, әлемдік деңгейдегі дипломат ретінде осындай прогрессивті үрдістерді жақсы біледі. Мемлекет басшысы «Алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсініктің ескіргенін, оның орын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басқанын үнемі айтып жүр. Оның үстіне, жаңа Конституцияда адами капиталды дамыту, білім мен ғылым стратегиялық басымдық ретінде бекітілді. Бұл біздің басты ресурсымызға айналды. Сондықтан осы бағдарды басшылыққа алған «AMANAT» партиясы бүгін жергілікті кадрларды оқыту бағдарламасын бастап отыр. Олар өзіне жауапкершілік ала алатын, табанды, тиімді шешім қабылдай білетін маман болуы керек», – деді Мәжіліс Төрағасы.


🌐 Толығырақ: amanatpartiasy.kz
2 300

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram