avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
14.04.2026 11:42
«Ауыл аманаты» ауыл кәсіпкеріне мүмкіндік ашты: Қазығұрттағы табысты жоба.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл кәсіпкерлігін дамытудың тиімді тетігіне айналып отыр. «AMANAT» партиясы қолға алған бұл бастама ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған нақты қолдау.

«Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде табысты қызмет атқарып отырған шаруашылықтардың бірі Қызылқия ауылдық округінде орналасқан. Мұнда жеке кәсіпкер Әбдіманап Бекмұрзаев жылыжай шаруашылығын жүргізіп, ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр.

Көп жылдық еңбек тәжірибесін ауыл шаруашылығына арнаған кәсіпкер жоба аясында жеңілдетілген шартпен, яғни 2,5 пайызбен 8 миллион теңге несие алып, 0,15 гектар аумаққа заманауи жылыжай кешенін салды.

Бүгінде бұл жылыжайда көкөніс өсіріліп, жылына 10 тоннаға жуық қызанақ өнімі алынады. Өнім аудан орталығы мен Алматы қаласындағы сауда орындарына жеткізіліп, халықты сапалы әрі экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

Жоба аясында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, олардың айлық жалақысы 150–180 мың теңгені құрайды.

Кәсіпкер өндіріс барысында сапаға ерекше мән беріп, заманауи агротехнологияларды қолдануда. Жылыжайда дәрумендер мен минералды тыңайтқыштар пайдаланылып, экологиялық талаптарға сай өнім өндірілуде.
1 377

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram