АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨЛІК ЖУУ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ 🚗
«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылында жеке кәсіпкер Талғатбек Қоштай көлік жуу нысанын ашты.
Кәсіпкер жоба шеңберінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы 9 830 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Бөлінген қаражат толықтай мақсатты түрде игеріліп, көлік жуу қызметіне қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды.
Бүгінде жаңа кәсіпкерлік нысан толық іске қосылып, Қаражар ауылының тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуде. Ауыл ішінде осындай қызмет түрінің ашылуы тұрғындар үшін уақыт үнемдеуге, қолайлы жағдай жасауға және жергілікті экономиканың дамуына оң әсерін тигізуде.
Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. Қаражар ауылындағы жаңа нысан осы бастаманың нақты нәтижесінің бірі.
388
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram