avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
13.04.2026 16:28
«ЕСЕПСІЗ ӘРЕКЕТІМ ЕСІМДІ ШЫҒАРДЫ»

«Енді несиеге жоламаспын…»
Бұл – Шымкент қаласының тұрғыны Абай Орынтаевтың өмірлік тәжірибеден түйген ащы сабағы.

Қарапайым құрылысшы болып еңбек етіп жүрген ол осыдан үш жарым жыл бұрын аяқ астынан қаржыға мұқтаж болып, көп ойланбастан банктен несие алады. Алғашында бәрі жоспар бойынша жүрген. 5-6 ай бойы қарызын уақытылы өтеп, міндеттемелерін адал орындаған. Алайда тағдырдың тосын сынағы бәрін өзгертіп жіберді.

Жазатайым оқиға салдарынан аяғын ауыр жарақаттап алған Абай ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз күйде қалады. Осы аралықта тұрақты табысынан айырылып, банк алдындағы төлемдерін уақытылы жаба алмай, қаржылық қиындыққа тап болады. Көп ұзамай банк карталары бұғатталып, іс жеке сот орындаушыларының қарауына өтеді. Қарапайым несиеден басталған мәселе уақыт өте келе күрделі түйінге айналып, үш жыл бойы оның өмірін тығырыққа тірейді.

Осындай қиын кезеңде ол «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы естиді. Үміт пен сенім жетелеген Абай бағдарламаға қатысуға өтініш береді.

Жоба аясында ол қаржылық сауаттылық курсына қатысып, білікті мамандардан нақты кеңес пен заңгерлік қолдау алады. Ең бастысы – өз қаржысын дұрыс басқаруды, табыс пен шығынды жүйелеуді, қарызды тиімді өтеудің жолдарын үйренеді. Нәтижесінде оның банк карталары қайта ашылып, несиесі қолжетімді төлем кестесіне қайта құрылымдалады.

Бүгінде Абай Орынтаевтың несиесін кешіктірмей төлеп келе жатқанына жарты жылдай болған. Тығырықтан шығуына себепкер болған жобаға және оны жүзеге асырып отырған «AMANAT» партиясына шынайы алғысын білдіреді.

Қазіргі таңда ол ауыр құрылыс жұмысын такси қызметіне ауыстырып, тұрақты табыс табудың тиімді жолын таңдаған. Бір кездері қаржылық қиындықтың құрсауында қалған азамат бүгінде өміріне жаңа бағыт беріп, қарызын жүйелі түрде өтеп келеді.

«Қарыз алу оңай, ал оны өтеу – үлкен жауапкершілік. Әрбір шешімнің салмағын сезіне білу керек», – дейді ол.
360

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram